Мемлекетке 300 млн теңге залал келтірген серіктестік басшысы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекетке 300 млн теңге залал келтірген серіктестік басшысы ұсталды

28.09.2022

Астанада серіктестік басшысы квазимемлекеттік компанияны 300 млн теңге шығынға батырды. Ол жеткізу көлемі туралы жалған мәлімет пен аудиторлардың жалған қорытындыларын пайдаланған. Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша депарамент мамандары аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен «Ас-Ай» серіктестігінің басшысын ұстаған. Күдікті ұрланған қаражатты айналымға шығару үшін 1,3 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар пайдаланғаны белгілі болды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Осыған байланысты 285,6 млн теңгеге салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу