Украинаның төрт облысында Ресейге қосылу туралы референдум аяқталды. Оккупациялық әкімшіліктің мәлімдеуінше, Донецк, Луганск, Запорожье, Херсон аймақтары тұрғындарының 87-ден 100 пайызға жуығы Мәскеудің қол астына өтуге дауыс берген. Айта кетсек, Ресей армиясы бұл облыстардың ешқайсын толық басып ала алмады.
Украинадағы заңсыз деп табылған референдумға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде отырыс өтіп, онда президент Владимир Зеленский сөз сөйледі. Ол әлемдік қауымдастықты егер Мәскеу Украинадағы «дауыс берудің» нәтижесін мойындаса, президент Владимир Путинмен сөйлесуді тоқтатуға шақырды.
Арыстан Рысбек