Лицензиясынан айырылған Атырау институтының студенттері 2 университетке ауыстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лицензиясынан айырылған Атырау институтының студенттері 2 университетке ауыстырылды

28.09.2022

Лицензиясынан айырылған Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттері өзге оқу орнына ауыстырылып жатыр. 1600-ден астам жас екі жоғары оқу орнына бөлінді. Оқу ақысы бұрынғыша сақталады. Қазір студенттерден өтініш қабылданып жатыр. Аталған білім ордасында біршама заңсыздықтар орын алғанын бұған дейін айтқан едік. Мұнда білім ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары мен біліктілік заңдылықтары сақталмаған. Тексеру барысында қажетті материалдық-техникалық базаның жоқтығы белгілі болды. Студенттердің 90 пайызы сынақта шекті балды жинай алмаған.

Нұрәлі Мағзұмов, студент:

Төртінші курсты осы жақтан бітірем деп тұрғанда, неге мен үшінші курсты Өтебаевта оқуым керек. Екіншіден министрлікке айтарымыз, жалғыз тек Атырау облысында ғана емес, осында оқып жатқан студенттерде Орал қаласына да, және Ақтөбе қаласына жіберуіңізді ұсынамыз.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу