Күш білекте ме, жүректе ме? Жүрегі мен бүйрегін ауыстырған 6 отандасымыз әлемдік спорт сайысына қатысады. «Трансплантант ойындары» алдағы жазда Испанияда өтеді. Ағзасын алмастырғандардың Халықаралық спорт федерациясы мұндай сайысты 21-ші рет өткізгелі отыр.
Алайда, посткеңестік елдер ішінде тек Қазақстан құрамасы ғана бұл шараға алғаш рет қатыспақшы. Жәнібек Оспанов бастаған біздің құрама үстел тенисі, боулинг, суда жүзу секілді спорт түрлерінен сайысады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ