Қостанайда Алаш ардақтыларының есімі мектептерге берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда Алаш ардақтыларының есімі мектептерге берілді

28.09.2022

Қостанай облысындағы 11 мектепке ұлтқа қалтқысыз қызмет еткен тұлғалардың есімдері берілді. Төрт білім ұясы енді Абай Құнанбайұлының, үшеуі Әлихан Бөкейхановтың атымен аталады. Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтардың есімін бір-бір мектеп иеленді. Білім ордалары облыс, аудан орталықтарында орналасқан. Ал Аманкелді ауданы Қабырға ауылындағы мектепке белгілі сатирик, журналист Жұматай Сабыржанұлының аты берілді. Айта кетейік, бұған дейін облыстағы 455 білім ошағының 66 –сының ғана белгілі бір атауы болған еді.

Зәуре Бәйменова, облыстық Білім басқармасының басшысы:

Былтырдан бері мектеп ұжымдары, ата – аналар, белсенді азаматтардан осындай ұсыныстар айтылып келген еді. Жуырда 11 мектепке байланысты Үкімет жарлығы шықты. Арнайы атауы бар 66 мектепке енді тағы 11 мектеп қосылды.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу