Сайлау-2022: Үміткерлердің қазақ тілін меңгергенін анықтайтын комиссия құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау-2022: Үміткерлердің қазақ тілін меңгергенін анықтайтын комиссия құрылды

28.09.2022

Президенттікке кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын комиссия құрылды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылып, қаулы қабылданды. Президенттікке кандидаттың қазақ тілін еркін меңгергенін анықтау - 5 маманнан құралған лингвистикалық комиссияның қорытындысымен шешіледі. Комиссия құрамында тіл мамандары, филологтар мен зиялы қауым өкілдері бар. Үміткердің мемлекеттік тілді меңгергенін анықтау үшін арнайы тапсырмалар беріледі.

Мұхтар Ерман, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Бірінші - лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көлемі 2 беттен аспайтын жазбаша тапсырма жазады. Екінші - лингвистикалық комиссия ұсынған көлемі 3 беттен аспайтын мәтінді оқу. Үшінші - лингвисткалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көпшілік алдында 15 минуттан кем емес сөз сөйлеу талап етіледі.

Дархан Рақымжан


Хабарламаларға жазылу