Депутат тұрғын үйді жалдау нарығын заңдастыруды талап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат тұрғын үйді жалдау нарығын заңдастыруды талап кетті

28.09.2022

Ресей азаматтарының елімізге ағылуынан кейін баспана жалдау ақысының күрт қымбаттағаны да белгілі. Бұған көлеңкелі бизнес әсер еткен. Сол үшін тұрғын үйді жалдау нарығын дереу заңдастыру керек. Бүгін Мәжілісте осындай бастама көтеріліп, Үкіметке сауал жолданды. Депутат Смышляеваның айтуынша, баспаналардың 70 пайызы заңсыз жалға беріледі. Үй иесі кәсіпкер ретінде тіркелмеген соң, мемлекетке салық төлемейді. Әрі жалға алушы мен берушінің арасында ешқандай келісімшарт жоқ. Соның салдарынан бағаны көтеру, пәтерден қуу секілді келеңсіз жағдайлар болып жатыр дейді. 

Хабарламаларға жазылу