АҚШ Украинаға тағы 1,1 миллиард доллардың әскери көмегін беретінін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Украинаға тағы 1,1 миллиард доллардың әскери көмегін беретінін жариялады

29.09.2022

АҚШ Украинаға тағы 1,1 миллиард доллардың әскери көмегін беретінін жариялады. Бұл қаражат 18 «Хаймарс» зымыран жүйесі мен басқа да қару-жарақ, оқ-дәрі сатып алуға жұмсалады. Майдандағы жағдайға келсек, Украина армиясы Донецк облысындағы Лиман қаласын толық қоршауға жақын. Мұны Американың соғысты зерттеу институты хабарлады. Оның дерегінше, Ресей әскері Лиманнан айрылса, украин жауынгерлері әрі қарай Луганск облысының екі қаласы – Лисичанск пен Севердонецкті шабуылдауға кірісуі мүмкін. Ресей жауынгерлері Харьков облысында ойсырай жеңілерде осыған ұқсас жағдайға душар болған еді.

Хабарламаларға жазылу