Премьер-министр экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Жиында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров қазір өзара келісіп, жоғары баға қою секілді жайттар әлі сақталып отырғанын жеткізді. Айтуынша осы факт бойынша Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Сұйытылған мұнай газын сақтау паркін де жоғары баға белгілеу деректерінің анықталғанын айтты. Премьер-Министр осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруды және оның қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар дайындап, комиссия қарауына шығаруды тапсырды.