Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Жиында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты қалай тоқтатуға болатыны талқыланды. Жыл сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 100 мыңнан астам өтініш түседі. Биылғы 9 айдың ішінде 37 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Президент тапсырмасы бойынша жауапкершілікті қатаңдату шаралары әзірленді. Үкімет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда жаңа әлеуметтік сервистерді, оның ішінде отбасының цифрлық картасын белсенді қолдану қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, өңір әкімдерінің қызметін бағалау рейтингіне тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу деңгейінің индикаторларын енгізу жайы сөз болды.
Асылбек Данияр