Үкіметте Атырау облысын дамытудың өзекті мәселелерін шешу бойынша кеңес өтті. Жиында осы өңірдегі ауыл-аймақты сумен қамту, автокөлік жолдарын жөндеу, кәріз-тазарту жұмыстары және басқа да әлеуметтік мәселелер талқыланды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов жол сапасын жақсарту үшін битум жеткізуді жеделдетіп, осы мәселені күнделікті бақылауға алуды тапсырды. Кеңес соңында Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп, барлық мәселелерді уақытылы және толық пысықтауды тапсырды.