Ресейдің мыңдаған жауынгері қоршауға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің мыңдаған жауынгері қоршауға түсті

01.10.2022

Украина армиясы Донецк облысындағы Лиман қаласында Ресейдің мыңдаған жауынгерін қоршауға алды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, олардың саны 5 мыңнан кем емес. Және де Украина сарбаздары қаланың кіре берісіне мемлекеттік туды тікті.

Лиманның стратегиялық маңызы зор. Ол Донецк, Луганск және Харьков облыстарын байланыстыратын теміржол торабында орналасқан. Және де ресейліктер бұл қаланы қару-жарақ пен қосымша адам күшін тасымалдайтын логистикалық хабқа айналдырған еді.

Әскери сарапшылардың пікірінше, Лиманнан айырылу - Ресей үшін ақпанның 24-нен бергі ең ауыр жеңіліс. Ал, Украина қарулы күштері оны алса, Донецк облысының солтүстігін түгел қайтарып, әрі қарай Луганск облысына жылжитын мүмкіндікке ие болады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу