Заңсыз табылған қаражатты криптонарық арқылы жасыруға тосқауыл қойылмақ. Қаржы мониторингі агенттігі «Binance» халықаралық криптобиржасымен осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Бұл қылмыстық жолмен баюдың алдын алуға бағытталған қадамның бірі. Өйткені соңғы кезде заңсыз табысын виртуалды ақшаға айналдыру арқылы заңдастыратындар көбейген. Агенттік болашақта осы тәсілмен шетел асқан мемлекет қаражатын қайтаруды да жоспарлап отыр.
Кенесары Бағбанұлы, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі департамент басшысының орынбасары:
Криптоактивтерді тоқтата аламыз. Бұғаттай аламыз. Болашақта сот үкімімен, болмаса басқа да құзырлы органдардың қаулысымен біз оны мемлекетке тәркілей аламыз.
Серік Селеубай