200 мың доллар талап еткен: Алматыда адам ұрлағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

200 мың доллар талап еткен: Алматыда адам ұрлағандар ұсталды

03.10.2022

Алматыда 40 жастағы ер адамды ұрлап әкетіп, 200 мың доллар талап еткен. Оқиға Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Күдіктілер туыстарына хабарласып, ақша сұрап, бопсалаған. Артынша жұбайы құқық қорғау органдарына жүгінген. Дереу арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер Түрксіб ауданындағы қоймаларды тінтіп, жәбірленушіні және 4 адамды ұстады. Олардың бұрын бопсалау және түрлі бұзақылықтар үшін сотталған. Күдіктілер қамауға алынды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

Оны қатты соққыға жыққан және оған медициналық көмек қажет болды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен. Әйтпесе құрамында героині бар иньекция егеміз деп қорқытқан. Қылмыстың нақты себебі ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігімен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу барысында істің мән-жайы белгілі болады.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу