«Amanat» партиясының съезіне 700 делегат сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясының съезіне 700 делегат сайланды

03.10.2022

«Amanat» партиясының кезектен тыс 24-съезіне 700 делегат сайланды. Партияның өңірлік филиалдарындағы жиындарда жаңа Саяси тұғырнаманың жобасы талқыланды. Үш күндік іс-шараға 20 мыңнан астам адам қатысты. Аманаттықтарға әлеуметтік сауалнама арқылы Саяси тұғырнама жобасына қатысты өз пікірін білдіруге мүмкіндік берілген болатын. Құжат Президент реформаларын жүзеге асыруға бағытталған. «Amanat» партиясының кезектен тыс съезі 6 қазанда елордада өтеді. Орталық аппарат қазір дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аят Сүгірбай, Облыстық мәслихаттың депутаты:
«Азамататрдың арасында ұлтына, ұлысына қарамастан татулықты, бірлікті нығайта беруіміз керек. Тек сол арқылы ғана біз мемлекетімізді дамыта аламыз. Дамудың алғашқы шарты – ауызбірлік пен тыныштық. Сондықтан осы мәселені Саяси тұғырнамада көрініс тапқанына біз қуаныштымыз».

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу