Ресейде санкция салдарынан автомобиль өндірісі тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде санкция салдарынан автомобиль өндірісі тоқтады

04.10.2022

Ресейде санкция салдарынан автомобиль өндірісі тоқтады. 20-ға жуық кәсіпорында жұмысшылар ұзақ мерзімді ақысыз демалысқа жіберілген.

Индира Бегайдар, тілші:

Шамамен 300 мыңға жуық адам екі қолға бір күрек таппай қалуы мүмкін. Өйткені кәсіпорындар жұмыс істемей тұр. Қажетті бөлшектердің 60-70 пайызы өзге елдерден импортталатын. Ресейде ең жоғары сұранысқа ие автомобиль бөлшектерінің бағасы бірнеше есе өсті. Көліктің алдыңғы әйнектерінің құны 500 мың, миллион рубльге дейін жеткен. Валюта бағамының тұрақсыздығы мен логистиканың айтарлықтай күрделенуі осындай жағдайға әкеп соқтырды.

Максим Пожилой, көлік жүргізушісі:

Көлікке арналған бөлшектерді іздеумен күніміз өтеді. Бұрын Еуропадан бөлшектерді алып келетінбіз, қазір ондай мүмкіндік жоқ. Қытайдан арзан тауарды аламыз бірақ ол сәйкес келмейді. Өмір сүру қиындады. Бәрі қымбаттап жатыр.

Қазір авто салондарда көлік мүлде жоқ. Қос бүйірден қысқан қымбатшылық тағы бар. Жалпы, көлік сату 96 пайызға азайған. Сонымен қатар, автонесие бағдарламасы да мүлде тоқтады. Сарапшылар мәселені түбегейлі шешуге бірнеше жыл керек болатынын мәлімдеп отыр.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу