148 мың Ресей азаматы Қазақстаннан қайта шығып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

148 мың Ресей азаматы Қазақстаннан қайта шығып кетті

04.10.2022

Соңғы екі аптада Қазақстанға келген 200 мыңнан астам ресейлік азаматтың 148 мыңы қайта шығып кетті. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты. Кешеден бері көрші мемлекеттен Қазақстанға ағылғандар қатары бәсеңсіп, қалыпты деңгейге түсті, деді ол. Екі ел арасында шекарадан өтетін азаматтарға шектеу жоқ. Өйткені Еуразиялық экономикалық одақ аясында құқықтық шартымыз бар. Құқықтық мемлекет болғандықтан бүкіл іс-қимылды осы заң шеңберінде жасаймыз, деді ведомство басшысы.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

200 мыңнан астам Ресей азаматтары кірді. Бірақ бүгінгі таңда 148 мыңы Қазақстан шекарасынан шығып кетті. Кешеден бастап бұрынғы қалпына келіп отыр. Мысалы, кешегі күнге алатын болсақ, 7 мыңнан астам Ресей азаматы біздің мемлекетімізге кірді. 11 мыңға жуығы шығып кетті. Миграциялық бақылауда. Жан-жақты қарап жатырмыз.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу