Молдова тұрғындары газ бағасының өсуіне қарсы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Молдова тұрғындары газ бағасының өсуіне қарсы шеруге шықты

04.10.2022


Молдова тұрғындары газ бағасының өсуіне қарсы шеруге шықты. 7 мыңдай адам наразылығын білдіру үшін үкіметтік ғимарат алдына жиналған. Олар бұл проблеманы тезірек шешуді талап етті. Айта кетсек, Молдовада көгілдір отын бағасы бір жылда осымен алтыншы рет өсіп отыр. Ал инфляция 34 пайызға жеткен. Ашуға булыққан демонстранттар үкімет пен президенттің отставкасын, сондай-ақ мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етті.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу