«Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
Генералдардың пікірінше, Президент Жолдауында айтқан міндеттер орындалуы тиіс. Индустриялық және инновациялық жоспарлар бар. Оларды жүзеге асыру үшін халықтың қолдауы қажет. Қазір әлемдегі геосаяси жағдай шиеленісіп тұр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық аренада беделі бар. Тәжірибесі жеткілікті дейді қоғамдық бірлестіктің төрағасы.
Махмұт Телеғұсов, «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы:
Бірінші, еліміз бірлікте болса, күшті мемлекет болса сонда бізге ешкім тиіспейді. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлының бағдарламасын қарадық. Бәріміз қолдап. Өте жақсы. Сенеміз.
Қуан Нұрақын