Азаптау қылмыстарына қатысты жаза күшеймек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаптау қылмыстарына қатысты жаза күшеймек

05.10.2022

Еліміздің Бас прокуратурсы азаптау қылмыстарын тек прокуратура органдары тергей алатындай қылмыстық-процестік кодекске түзетулер жобасын дайындады. Бұл жоба қазір Парламент қарауына жіберілген. Өйткені тергеушілер азаптаушы әріптестері мен қылмысты ашуға қажетті дәлелдерді жасыратыны белгілі болды. Сондықтан азаптауларға байланысты қылмыстар үшін жазаны күшейту көзделген. Онда азаптау үшін бас бостандығынан айыру жазасының ең ұзақ мерзімі 10 жылдан 12 жылға дейін ұзартылған. Ал, рақымшылық, ескіру мерзімі мен тараптардың татуласуы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату мүлдем жойылмақ.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу