Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің құрылғанына биыл 30 жыл. Ұйымның мерейтойы елордада атап өтілді. Шараға елшілік өкілдері, дипломаттар және қоғам белсенділері қатысты. Азия кеңесі - қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттердің ынтымақтастығы мен өзара ықпалдастығын нығайтуды мақсат еткен халықаралық ұйым. Кеңестің алғашқы саммиті 2002 жылы өткен болатын. 30 жыл ішінде ұйым дипломатиялық ынтымақтастықты ілгерілетті, алдағы мақсаттар да айқын.
Қайрат Сарыбай, АӨСШК хатшылығының атқарушы директоры:
Мүше елдердің ортаға салатын қандай алдыңғы қатарлы тәжірибелері бар – соларды алмасу. Және де диалог. Бұл Азия кеңесінің ең басты мәселесі – елдердің бір бірімен көпжақты диалог құрып, өзара мәмілеге келуі. Негізгі мақсат осы.
Дархан Рахымжан