Елордада «Қазақстан Халық партиясының» кезектен тыс XXI съезі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Қазақстан Халық партиясының» кезектен тыс XXI съезі өтті

06.10.2022

Елордада «Қазақстан Халық партиясының» кезектен тыс XXI съезі өтті. Партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев кезектен тыс құрылтай Қазақстан ғана емес, сонымен қатар барша адамзат тағдыры үшін сындарлы кезеңде өтіп жатқанын айтты. Қазір ішкі саяси ойындар мен талқылаулар жүргізетін кезең емес. Сондықтан партия саяси күш ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынады деді, ол өз сөзінде.

Ермұхамет Ертісбаев, «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Бүгінгі съездің мінберінен барлық партия мен ұйымдарға, республикалық қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Халық партиясының осы басты үндеуін назарға алуға шақырамын. Осыған дейін айтқанымдай, біз кезектен тыс Президент сайлауына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынамыз.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу