Қазақстанда бір айда 20 млн кибершабуыл жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бір айда 20 млн кибершабуыл жасалған

07.10.2022

Интернеттің қазақстандық сегментіне кибершабуыл толастар емес. Салдарынан ғаламтор байланысы нашарлаған. Елімізде соңғы бір айда 20 млн кибершабуыл тойтарылды. Мамандар хакерлердің бұл әрекетін елде және әлемде болып жатқан оқиғалармен байланыстырады. Ал осындай қатерге тап болған адам тәулік бойы істейтін 14-00 нөміріне тегін қоңырау шалып немесе арнайы телеграм-чатқа өтінім беру арқылы хабарлай алады.

Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу