Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі аударылып, 25 тонна күкірт қышқылы жерге төгілді. Оқиға Қатон-Қарағай ауданындағы Ново-Хайрузовка ауылының маңындағы жолда болған. Химиялық сұйықтық 50 шаршы метр аумаққа жайылған. Ластану салдарын жою мақсатында аталған учаскеге дереу 15 тонна әк төгілді. Мамандар оқиға болған аумақтан топырақ сынамасын алды. Табиғатқа келтірілген зиян мөлшері есептеледі.
Ламбриан Топузидис