Қазақстандағы стрестік активтер нарығы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы стрестік активтер нарығы таныстырылды

07.10.2022

Лондонда өткен Глобал Эн Пи Эл халықаралық саммитінде Қазақстандағы стрестік активтер нарығы таныстырылды. Қаржы секторын мұндай активтерден тазарту мен оларды экономикалық айналымға енгізудің жетістіктері айтылды. Мақсат - еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру.

Соңғы жылдары Қазақстанда стрестік активтер көлемі азайып келеді. Алдағы уақытта қолда бар 2,5 трлн теңге шамасындағы осындай активтерді саудалау қажет. Әдетте оларды сатып алуға халықаралық компаниялар жіберілмейді. Биыл шілдеде Президент стрестік активтер нарығын дамыту туралы заңға қол қойған соң барып, сең қозғалды. Енді шетелдік инвесторлар жергілікті сервистік компаниялардың қызметіне жүгіне отырып, нарықта жұмыс істей алады.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы:

Сервистік компаниялар - тиісті талаптарға жауап беретін коллекторлық агенттіктер немесе стрестік активтерді басқару бойынша ұйымдар. Проблемалық активтерді басқару бойынша қызмет көрсете алады. Экономикалық айналымға тезірек енгізу үшін оларды банктердің балансында ұстау уақыты 3 жыл мерзімге дейін қысқартылды.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу