Әзербайжан мен Армения Бірккен Ұлтттар Ұйымының Жарғысы мен 1991 жылғы Алматы Декларациясына сәйкес, бір-бірінің аумақтық тұтастығы мен егемендігін мойындайды. Мұны президент Ильхам Әлиев пен премьер-министр Никол Пашинян Прагада өткен кездесуден кейін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Әлиевтің айтуынша, Ереван ықылас білдірсе, жыл соңына дейін Әзербайжан мен Армения тіпті бейбіт келісімге қол қоюы ықтимал.
Екі кавказдық республика лидерлері Еуропа экономикалық қауымдастығының саммитінде жүздесті.Тағы бір айта кететін жайт, форум аясында Пашинян президент Реджеп Тайып Ердоғанмен алғаш рет кездесті. Ердоған мәлімдегендей, Түркия мен Армения өзара қатынастарын толық жақсартуға қол жеткізуі мүмікін.
Арыстан Рысбек