Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

07.10.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. Санкт-Петербургте өткен жиынға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары да қатысты. Бас қосуда құрылым қызметінің басым бағыттары және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланды. Әрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді мерейтойымен құттықтап, оның Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу