«Президент мандатының 7 жыл болып бекуі өте дұрыс шешім. Бұл елде саяси бәсекелестікті күшейтеді. Бәсекелестік болған жерде өсім болады. Осылайша демократиялық дамыған елдердің қатарына қосыламыз», - дейді халық.
Тұрғындардың пікірінше, Мемлекет басшысы халыққа жолдауында мемлекеттің экономикалық ғана емес, азаматтардың да әл ауқатын арттыруға көңіл бөлген.