Осы уақытқа дейін Әкім Ысқақ «Жыл адамы», «Гүл һауызындағы тамшы», «Күн ұлымын» өлеңдер жинағын жазған. «Жүректегі жазулар» күнделік-эссесі дарынды балаларға арналған мектептерде арнайы бағдарлама есебінде оқытылды.
Жиында сол кітаптардағы сырлы өлеңдерді оқушылар жатқа айтты. Ал замандастары «ақынның өлеңдерін оқыған сайын жан тебіреніп, көңіл толқиды»,-деп баға берді.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ