Экономика бойынша биылғы Нобель жүлдесі үш америкалық ғалымға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономика бойынша биылғы Нобель жүлдесі үш америкалық ғалымға берілді

10.10.2022

Экономика бойыншы биылғы Нобель жүлдесі үш америкалық ғалымға берілді. Олар - АҚШ Федералдық резерв жүйесінің бұрынғы төрағасы Бен Бернанке, Чикаго университетінің профессоры Дуглас Даймонд пен Сент-Люис университетінің ғалымы Филип Дибвиг. Экономистер банктерді және қаржы дағдарыстарының себептері мен салдарын зерттегені үшін ерекшеленіп отыр. Бұл еңбек қаржы нарықтарын реттеу мен дағдарыстарды еңсеруде маңызды рөл атқарған. Экономика бойынша сыйлық Альфред Нобельдің өсиетінде көрсетілмеген. Жүлде 1969 жылдан бері Швеция банкінің бастамасымен жыл сайын беріледі.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу