Беларусь пен Ресей бірлескен аймақтық әскери топ құру бойынша келісімге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь пен Ресей бірлескен аймақтық әскери топ құру бойынша келісімге келді

10.10.2022

Беларусь пен Ресей бірлескен аймақтық әскери топ құру бойынша келісімге келді. Президент Александр Лукашенко осылай деп мәлімдеді. Бұған қоса, ол осы келісім негізінде Беларусь сарбаздарын Ресей қарулы күштерімен бірге Украинаға жақын маңда орналастыруға бұйрық бергенін мәлімдеді. Лукашенконың сөзінше, мұндай шешім - Одақтас мемлекеттің батыс шекарасындағы жағдайдың шиеленісуіне орай қабылданған. Тағы бір сөзінде Беларусь президенті әскери топтың құрамында Беларусь қарулы күштерінің саны басым болатынын айтты. Сонымен бірге Лукашенко қауіп деңгейі қазіргідей болса, бірлескен әскери топ әрекетке көшетінін де ескертті.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу