«Қазмұнайгаз» акцияларын сатып алған қазақстандықтар 3 жыл бойы кепілдендірілген дивиденд алады. IPO-ға шығатын бағалы қағаздың көлемі мен бағасы бір айдан кейін белгілі болады. Кірістің мөлшері де бекітіледі. Компанияның акциясын сатып алам деушілер желтоқсан айына дейін өтініш бере алады. Алғашқы сауда жаңа жылға дейін өтуі тиіс. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мәліметі бойынша, 3 жылда төленетін дивиденд көлемі қомақты болады. Бұл азаматтардың IPO нарығына деген сенімдерін арттырмақ.
Дарын Сағитов