Қызылорда облысында ауыл шаруашылығына бөлінген субсидия қаржысын жымқырған бұрынғы мемлекеттік қызметшілерге қатысты сот үкімі шықты.
Салаға жауапты басқарманың бөлім басшысы мен бас маманы 2019-2020 жылдары бірқатар инвестициялық жобаларды қағаз жүзінде орындап, мемлекетке 25 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Яғни, қожалық иелеріне мемлекеттен бөлінген қаражаттың 10 пайыз сыйақысын беріп, жер асты құдықтарын орнаттық деп жалған құжат әзірлеген. Жемқорлардың әрекетін аймақтағы қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері әшкереледі. Олар өз кінәсін мойындап, шығынды толық өтеген.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Сот шешімімен облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бөлім басшысы мен бас маманы кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан шектеу жазасын алды.
Әділбек Серікұлы