Елімізде еуропалық қой тұқымын түрлендіру зертханасы ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде еуропалық қой тұқымын түрлендіру зертханасы ашылмақ

11.10.2022

Елде еуропалық қой тұқымын түрлендіру зертханасы ашылмақ. Жоба араб инвесторларымен бірлесіп іске асырылады. Бұл туралы «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» төрағасы Дархан Балпанов айтты. Брифингте әріптесіміз Сәбит Әлдебай «Қазақстан мериносы» биязы жүнді қой шаруашылығының кенжелеп қалғанын жеткізді. Жалпы отандық селекцонерлер шығарған қойдың түрін қалай дамытамыз?

Сәбит Әлдебай, тілші:

Бүгінде елде екі генетикалық зертхана бар. Онда қой тұқымын асылдандыру жұмысы жүргізіледі. Қазақстандағы қой етіне араб елдерінің қызығушылығы зор. Ал еліміздің бұл тұрғыда әлеуеті үлкен. Ендігі жылдан бастап араб елдерімен бірге қосылып 2 млн еуроға бағаланған зертхана құрылмақ. Ертең, елордада өтетін халықаралық аграрлық көрмеде алғаш рет қой шаруашылығына қатысты озық технологиялар таныстырылмақ.

Дархан Балпанов, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» төрағасы:

Жалпы стратегия бойынша ғылыми институттың деңгейін көтеріп, фермерлерге ұрықтандыру технологияларын жеткізу ойымызда тұр. Ал жүнге елімізде сұраныс болмаса да, шетелде сұраныс көп. Сондықтан селекция жұмыстарын атқару керек. Ол жұмыстар да ғылыми институттарымызда жүргізіліп жатыр. Біздің мақсатымыз – селекцияны дұрыс ұйымдастырып, тиімді нәсілдер шығарып, сол мәселені фермерлерге жеткізу. Ал мемлекет тарапынан өнімді шетелге шығарудың мүмкіндіктерін іздеу маңызды.

Көрмеге әлемнің 20 елінен 300 ден астам компания қатысады. Орталық Азиядеғы ең ірі көрме ертең, экспо көрме кешенінде өтеді. Екі бөліктен тұратын жәрмеңкенің бірі мал шаруашылығына арналса, қаз агро көрмесі елдегі тұқым шаруашылығынан бастап, ұн өндірісін де қамтиды. Саланың озық технолгиялары таныстырылатын алаң отандық шаруалар үшін тәжірибе алмасуға таптырмайтын мүмкіндік, дейді мамандар.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу