Семейде «Сергек» жүйесі іске қосылғалы жол ережесін бұзғандарға 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Сергек» жүйесі іске қосылғалы жол ережесін бұзғандарға 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған

11.10.2022

Семейде «Сергек» жүйесі іске қосылғалы он күннің ішінде жол ережесін бұзғандарға 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Заңға бағынбағандардың дені, жылдамдықты шамадан тыс асырғандар. Жолда жүйткігенді жақсы көретін 2 548 көлік жүргізуші айыппұл арқалаған. Тұтас сызықты кесіп өткен 120 көлік иесіне 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Семейде қазан айынан бастап жол жүру ережесі мен қоғамдық тәртіпті бақылауға арналған 1551 камера жұмыс істеп тұр.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу