Қызылордада жергілікті ғалымдар егін шаруашылығын дамытуға үлес қоспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жергілікті ғалымдар егін шаруашылығын дамытуға үлес қоспақ

11.10.2022

Қызылордада жергілікті ғалымдар егін шаруашылығын дамытуға үлес қоспақ. Биыл олар қуаңшылық жағдайында дәнді дақылдар егудің тиімді әдісін тәжірибеден өткізіп көрді.

Жоба аясында Абай ауылдық округінен 2 гектар жерге күріш, арпа, бидай, қант құмайы, жоңышқа егілген. Жүргізілген тәжірибе-- күзде оң нәтижесін беріп отыр. Мәселен, мамандар тұқым себудің жаңа әдісін пайдаланып, оны 10 есе үнемдеген. Сондай-ақ, атызды суаруды жартылай автоматтандырып, аз суды күріштікке жеткізген. Ал жоңышқаны-- қант құмайымен бүркемелеп, егу арқылы мүлдем суармай өнім алуға болатынына көз жеткізді. Ғалымдар осы жаңашылдықтарды-- енді өңірдегі шаруашылықтармен бөлісіп, өндіріске кеңінен енгізуді көздейді.

Серікбай Өмірзақов, техника ғылымдарының докторы:

Су тапшылығы жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісіне тәуекелдер көп болып тұр. Сондықтан, осындай ғылыми жетістіктерді өндіріске, шаруаларға тезірек ендіру осы саланың бәсекеге қабілеттілігін көтеріп, қосымша өнімдер өндіруге мүмкіншілік жасайды.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу