Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің құрылғанына биыл 30 жыл. Азия кеңесі - қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттердің ынтымақтастығы мен өзара ықпалдастығын нығайтуды мақсат еткен халықаралық ұйым. Кеңесті шақыру туралы идея 1992 жылы қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария етілді. Нәтижесінде бастама ұйым және бірқатар Азия елдері тарапынан қолдау тапты. Кеңестің алғашқы саммиті 2002 жылы өткен. Ұйымға 2014 жылға дейін Түркия төрағалық етті. 2014 жылдан 2018 жылға дейін Қытай, 2018 жылдан 2020 жылға дейін Тәжікстан, 2020 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан төрағалық етті.
Дарын Сағитов