Владимир Зеленский «Үлкен жетілік» елдерінен әуедегі қорғаныс жүйесін сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Зеленский «Үлкен жетілік» елдерінен әуедегі қорғаныс жүйесін сұрады

12.10.2022

Украина президенті Владимир Зеленский «Үлкен жетілік» елдерінен әуедегі қорғаныс жүйесін сұрады. Бұл туралы ол Ресей әскері Украина қалаларын ракетамен атқылағаннан кейін өткен төтенше виртуалдық саммите айтты. Сондай-ақ, Зеленский Мәскеуді толық оқшаулап, санкцияны күшейтуге шақырды. Видеоконференцияға АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада жетекшілері қатысты. Олар Украинаға қанша көмек қажет болса, сонша беретінін мәлімдеді. Сонымен қатар, «Жетілік» Ресей ядролық қару қолданса, мұның зардабы ауыр болатынын ескертіп, Беларусьті Украинадағы қарулы жанжалға араласпауға үндеді. Бұған қоса, лидерлер Ресейдің Украина облыстарын аннексиялау әрекетін ешқашан мойындамайтынын атап өтті. Осы саммит өтіп жатқан кезде Құрама Штаттар мен Германияның Украинаға әуе шабуылынан қорғайтын заманауи зениталық зымыран жүйесін жіберетіні мәлім болды.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу