Мемлекет басшысы Сингапур Премьер-министрі кеңсесінің министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Сингапур Премьер-министрі кеңсесінің министрін қабылдады

12.10.2022

Мемлекет басшысы Сингапур Премьер-министрі кеңсесінің министрі Мұхамед Малики бин Османды қабылдады. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың артқаны айтылды. Әрі Мұхамед Малики бин Осман Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-министрдің ізгі тілегін жеткізді. Сингапур делегациясының басшысы Қазақстанмен өзара іс-әрекетті одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтты. Әрі қазақ басшысын Сингапурға мемлекеттік сапармен келуге шақырған президентінің сәлемін жеткізді. 

Досжан Маратұлы 

Хабарламаларға жазылу