Ақтауда «Ноғайлы жырлары және Мұрын жырау феномені» атты конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «Ноғайлы жырлары және Мұрын жырау феномені» атты конференция өтті

10.12.2014
Ақтауда «Ноғайлы жырлары және Мұрын жырау феномені» атты конференция өтті

Олар Мұрын жырау шығармаларына ғылыми талдау жасады. Халқымыздың рухани асыл қазынасы – «Қырымның қырық батыры» жырын біздің заманымызға ұластырған Мұрын жырау екеніне назар аударылды. 

Ол Каспий теңізінің оңтүстігі мен Қара теңіз төңірегін мекендеген халықтардың арасына бабалардың бай мұрасын жеткізді, ұрпақты елін, жерін сүюге үндеді.

1942 жылы Алматыға арнайы шақыртумен келіп, «Қырымның қырық батырын» 10 ай бойы жырлаған. 

Оның аузынан жазылып алынған жырлар елдің мәңгілік  ұлы мұрасы деп айтуға әбден лайық, дейді ғалымдар. 

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу