Сенатта қылмыстық қаражатты заңдастыруға қатысты екі заң қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта қылмыстық қаражатты заңдастыруға қатысты екі заң қабылданды

13.10.2022

Сенатта кеден одағы шекараларындағы қылмыстық қаражатты заңдастыруға қатысты екі заң қабылданды. Оның бірі – 2011 жылғы Кеден одағы аймақтарында қылмыстық жолмен алынған кiрiстерді заңдастыру мен терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы. Бүгін бұл шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификацияланды. Ал, екінші құжат осындай қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасуды жетілдіруге бағытталған. Бұл заң арқылы шектен тыс қолма қол ақша қаражатын өткізуі бойынша ақпарат алмасу жеңілдемек. Қабылданған құжаттар көлеңкелі бизнестен түскен қаражаттарды сыртқа шығарып жіберудің алдын алады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Қабылданған заңдар Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы бірлескен қызметті одан әрі жетілдіруге бағытталған. Бұл заңдар ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы аталған қылмыстардың алдын алуға қосымша құқықтық негіздер қалыптастырады деп сенеміз.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу