Еліміз газ эксортын тоқтатпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз газ эксортын тоқтатпақ

13.10.2022

Еліміз газ эксортын тоқтатпақ. Бұл туралы Энергетика министрі Ресей-24 арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Болат Ақшолақовтың айтуынша экспортты алдағы екі жылдың ішінде тоқтату көзделген. Өйткені ішкі сұраныс артып келеді. Көгілдір отын өзімізге қажет. Десе де геологиялық барлау жұмыстары жанданады. Жаңа кен орындары табылып, жеткілікті газ қоры табылса, экспорт қайта жандануы мүмкін деді министр. Еліміз жыл басынан бері 40 миллиард текше метр газ өндірген. Оның 5 миллиарды сыртқа тасымалданған.  

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу