Қазақстан мен Әзербайжан «Орта дәліз» аталатын сауда жолын дамытуға мүдделі. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің кездесуінде сөз болды. Президенттер екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқыға салды. Бауырлас елдер мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын да арттыра бермек.
Шерхан Жамбылұлы