Мәскеу Украинаның «аннексияланған» Херсон облысынан тұрғындарды Ресейге көшіруге кірісті. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, аймақтан кеткісі келгендер бүгін Ростов облысына жеткізіледі.
Айта кетсек, Украина армиясы тамызда бұл облыста қарымта шабуылға кірісіп, 1200 шаршы шақырымға жуық аумақты Ресей әскерінен азат еткен. Соның ішінде бес ауылға мемлекеттік тудың қайта тігілгенін Киев кеше мәлімдеді. Ал, британ барлаушыларының дерегінше, Украина армиясы ресейліктерді 20 шақырымға шегіндіріп, облыстың астанасы Херсонға жақындап барады. Және де украин жауынгерлері Днепр өзенінің батыс жағалауын келесі аптада қайтаруы мүмкін. Айта кетсек, Херсон да осы жағалауда орналасқан.
Арыстан Рысбек