Жетісу облысында мерекеге орай тұрғын үйлер пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында мерекеге орай тұрғын үйлер пайдалануға беріледі

14.10.2022

25 қазан Республика күніне орай, Жетісу облысында бірнеше елді мекенде фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылып, тұрғын үйлер пайдалануға беріледі. Мереке күні еліміздің көк байрағы салтанатты түрде көтеріліп, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіледі. Сондай-ақ өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан сала мамандары мемлекеттік наградалармен марапатталады. Спорт алаңдары мен саябақтар іске қосылып, бұқаралық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Өнер ұжымдары концерт беріп, түрлі көрмелер жұрт назарына ұсынылады. Басты мақсат – ұлттық мерекенің мән мағынасына терең үңіліп, рухани құндылықтарды дәріптеу, дейді ұйымдастырушылар.

Болат Керімбек, Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы:

Мерекені атап өтумен қатар алдағы уақытқа ой салатын және алдағы жоспарларымызды айқындайтын, Қазақстанның былай айтқанда дамуына қай тарапта өзіміздің үлесімізді қоса аламыз деген басты сұрақ туындау керек.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу