Үкімет резервінен отбасы банкіне 50 миллиард теңге бөлінбек. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жариялаған қаулы жобасында жазылған. Ашық талқылауға шығарылған құжатқа сәйкес, Отбасы банкіне бөлінетін 50 млрдқа 5 пайызбен 5 мыңға жуық арзан несие беру көзделген. Бірақ оның іске асу механизмі яғни, нақты кімдерге, қашан берілетіні жайлы мәлімет жоқ. Десе де бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жақында 7-20-25 бағдарламасына балама ретінде жаңа ипотекалық бағдарлама ашылатынын айтқан еді.
Досжан Маратұлы