Жаңадан енгізілген «Отбасының цифрлық картасы» еліміздегі әрбір отбасының мемлекеттік кепілдендірілген көмекті оңай алуына жол ашты. Бүгін Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жаңа жобаның тиімді тұстарын таныстырды. Әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы алушы енді ол үшін алдын ала өтініш бермей-ақ, дербес база арқылы бірден қол жеткізе алады. Министр кездесуде жастардың мәселесіне де тоқталды. Оларды еңбекпен қамту, білім алуына жағдай жасау үш мемлекет субсидияланған және қоғамдық жұмыс орындарын жасақтауды көздеп отыр. Сондай-ақ, «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» бағдарламаларын жүзеге асыру, жеңілдетілген несие, мүмкіндігі шектеулі жастарға грант беру қарастырылған.
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Мүгедек болатын азаматтарды да бір органнан екінші органға жүргізбестен цифрлық технологияны қолдану арқылы бір терезе қағидаты бойынша емханаға барып керекті ақпаратты сол жерден алып отыратын болады.Басқа бірде бір органға бармайды.
Ғани Қалмаханов