Қоғамдағы өшпенділік тілін жеңуге арналған этика кодексі дайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдағы өшпенділік тілін жеңуге арналған этика кодексі дайындалды

17.10.2022

Қоғамдағы өшпенділік тілін жеңуге арналған этика кодексі дайындалды. Бұл еліміздегі этносаралық қатынастардың шиеленісуін болдырмауға бағытталған. Жоба QazNetEtiquette деп аталады. Оны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығы жасап шықты. Авторлар өшпенділік тілімен күресте жазалау әдістерінен гөрі ағартушылық жұмыстардың пайдасы көбірек екенін айтады. Сондықтан, қоғамға осы этика кодексі сияқты өзін-өзі реттеу құралдары керек.

Ғалым Шойкин, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы:

Ол құжат халыққа көбірек таратылса, халықтың өзі оны қолдап, өзі күнделікті ақпарат ағымында, интернет пайдаланушы ретінде оны ескерсе, ол жердегі жазылған қағидаттарды, қоғамдық қағидаттарды пайдаланса деген үміт.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу