Кеңестер Одағының Батыры Талғат Бигелдинов пен Мәншүк Мәметованың туғанына биыл 100 жыл толды. Осыған орай Павлодарда «Ер есімі-ел есінде» атты мерекелік шара өтті. Батырлардың ерлігін ұлықтаған көпшілік ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Екінші дүниежүзілік соғыста қазақтың батыр ұл-қыздары жауынгер бабаларының даңқты жолын абыроймен жалғастыра білді. Бес жүзден астам отандастарымыз Кеңестер Одағының Батыры атанды. Талғат Бигелдинов екі мәрте батыр атағына ие болған 65 әскери ұшқыштың бірі. Ал, қазақтың қайсар қызы, пулеметші Мәншүк Мәметованың ерлігі ұрпақ жадында мәңгі өшпес із қалдырды. Олар қазақтың батыр халық екенің дүние жүзіне дәлелдеп берді.
Махмұт Төлеғұсов, «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы:
Батырларды ұмытпауымыз керек. Өткен тарихымызды ұмытпауымыз керек. Жас балаларды тәрбиелеуіміз керек. Жүрегімізде патриоттық болса, әрбір Қазақстандық елді ойласа, бәрі орнына келеді-деп ойлаймыз. Жаңа Қазақстан болады. Оған бәріміз сенеміз.
Болат Аманбаев