Елімізде жыл соңына дейін 30-ға тарта заң жобасына өзгерістер енетін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жыл соңына дейін 30-ға тарта заң жобасына өзгерістер енетін болады

17.10.2022

Еліміздегі барлық құқық қорғау органдары қызметінің басты мақсаты азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болуы тиіс. Осы мақсатта жыл соңына дейін 30-ға тарта заң жобасына өзгерістер енетін болады. Бүгін Шымкентте көшпелі мәжіліс өткізген Параламент Сенатының депутаттары қылмыстық іс жүргізу заңнамасын одан әрі жетілдіру тетіктерін зерделеді. Полиция, сот және прокуратураның өз арасындағы функцияларды нақтылауға байланысты үш буынды модель жобасы да бұл салаға бірқатар өзгерістер алып келмек. Бүгінгі таңда прокуратурадағы істердің 93-95 пайызы электронды жүйеде қаралуда. Мамандар мұндай жаңашылдық адами факторды азайтып, заңның барынша үстем болуын қамтамасыз етеді деп санайды.

Ләззат Сүлейменова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Біз тыңдаған баяндамалардың қорытындысында сараптама жасалады. Және заңнаманы жетілдіруге байланысты нақты ұсыныстар болады. Бұл мәселелердің қорытындысында елімізде адам құқықтарын қорғауға байланысты процесуалды заңнама жетілдіріліп, нақты ұсыныстар ұсынылады.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу